Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысында ЖЭО, жаңа мектептер құрылысы, көліктік логистика және абаттандыру мәселелері шешіледі

Семей халықаралық транзиттік сауданың маңызды торабы болды. Өңірде көлік логистикасын ретке келтіру жоспарлануда. Қазірдің өзінде Қытаймен шекараға шығатын “Аягөз-Бақты” ірі халықаралық жобасы дайындалуда. Қаланы жылумен қамту мәселесін жаңа ЖЭО шешуі тиіс, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 24.kz-ке сілтеме жасап.

“Бұл ЖЭО барлық экологиялық нормалар бойынша заманауи түрде салынатын болады. Бұл, біріншіден. Біздің тозған инфрақұрылымымызға келетін болсақ, әрине, ЖЭО салу кезінде бұл барлық ескі құбырлар жаңасына ауысады. “Самұрық-Қазына энерго” өкілдері ЖЭО құрылысын тамашалады”, – деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Тағы бір күрделі мәселе – оқушы орындарының тапшылығы.

2025 жылға дейін 14 мектеп салу жоспарлануда. Облыс әкімінің айтуынша, “Қала адамдар үшін” тұжырымдамасына сәйкес абаттандыруды жалғастыру жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button