Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Абай облысында “Қазпошта” бөлімшесін тонағандар ұсталды

Абай облысының Жарма ауданындағы “Қазпошта” бөлімшесін тонап кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жарма полиция бөлімінің қызметкерлері “Қазпошта”бөлімшесінен ақша ұрлады деген күдіктілерді ұстағанын хабарлады.

19 қазанда “102” арнасына “Қазпошта” бөлімшесінің кассирінен белгісіз адамдар кіреберіс металл есікті қысу арқылы зейнетақы төлеуге арналған 7 сәлемдеме мен 95 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткені белгілі болды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, оқиға орнын мұқият тексерді. Ұрылар “Қазпошта” ғимаратына әйнекті сындырып, торды майыстырып кіргені анықталды.

“Аталған қылмысты тергеуге полицияның неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері тартылды, олар бір тәулік ішінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында округтің бұрын сотталмаған екі тұрғынын анықтады. Олардан 22 мың теңге тәркіленді, қалғандарын жұмсап үлгерген. Ұсталғандар әрекеттерін мойындап, ауылда зейнетақы берілетінін алдын ала біліп, ұрлық жасағанын айтты”, — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button