Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП
Абай облысында зейнеткерді тонаған әйел ұсталды

Абай облысында зейнеткерді тонады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыстық полиция департаментіне хабарлауынша, оқиға Жарма ауданында болған. Қалбатау ауылының 73 жастағы тұрғыны белгісіз әйелдің үйінің ауласында құны 500 000 теңге болатын алтын сырғаларды қолынан ашық ұрлап кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ресей Федерациясының 27 жастағы азаматшасы. Жауап алу кезінде ол мойындады және ұрланған адамды қайтарып берді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі – “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz