ҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған

ШҚО-да Күршім ауданының тұрғыны 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Браконьер” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Құйған ауылдық округіне қарасты Қызыл ту өткелінде жүргізілген тексеру кезінде Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Оның рұқсат құжаттарынсыз шаяндарды тасымалдағаны анықталған. Көлікте салмағы 364 келіден асатын 6320-ға жуық тірі шаян болған.

Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 2 млн теңгені құрайтынын хабарлады.

“Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының ГАЗель көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған, жолда оны тәртіп сақшылары ұстаған. Аталған тұрғындарға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомство ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, “Браконьер” ЖПІШ 19 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button