Абай облысыҚоғамСемейТОП
Абай облысының әкімі Ақсуат ауданының тұрғындарымен кездесті
Аудан халқымен кездесу барысында өңір басшысына ауылда жүргізілген жұмыстар туралы айтылды. Сондай-ақ, тұрғындар ауылдық жерлерді дамыту, жолдарды жөндеу, жас мамандарға және бизнесті дамыту саласында мемлекеттік қолдау көрсету және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сондай-ақ, бұл күні әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Медициналық қызмет көрсету, жұмысқа орналастыру, агросекторды қолдау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар өңір басшысы Ақсуат ауылының мәдениет үйінде орналасқан № 935 сайлау учаскесінің дайындық жұмыстарымен танысты.
Semeynews.kz