Семейде Республика күніне арналған ардагерлер арасында волейбол біріншілігі өтті
2022 жылғы 26 – 30 қазан аралығында Семейде Республика күніне арналған ардагерлер арасында волейболдан «Микс» қалалық ашық Чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жастар мен балалардың шығармашылық сарайында Республика күніне арналған жарыс Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Жарыс ережесі бойынша міндетті түрде алаңда әр команда құрамында 40 жастан асқан екі ойынша, 50 жастан асқан екі ойынша және 18 жастан асқан екі қыз бала тиіс.
Қалалық ашық турнирге 6 команда («Жастар сарайы», «Баймағамбетов ЖК», № 33 мектеп, «Омаров ЖК», Шар қаласы, Абай ауданы) қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара күш сынасты.
Тартысты бәсекеде жүлделі ІІІ орынды – № 33 орта мектеп командасы иеленсе, ІІ орынды – Абай ауданының командасы, І орынды – Жастар сарайы командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ үздік деп танылған ойыншылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Үздік шабуылдаушы» – Сулимова Олеся («Омаров ЖК»), Наркенова Дильназ (Абай ауданы);
«Үздік ойынша» – Болатова Жансая (№ 33 мектеп), Шаганова Зульфия («Омаров ЖК»);
«Үздік қорғаушы» – Маутканова Диана, Болатқазы Маздақ (Жастар сарайы);
«Үздік байланыстырушы» – Наркенова Гүлназ (Абай ауданы).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Semeynews.kz