Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды
Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды.
Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.
Екінші және үшінші орын – «Артекс» компаниясы мен жеке тұлға Ш.Ақановтың иелігінде. «Артекс» компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш.Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.
Semeynews.kz