Семей әкімі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей басшысы атқарылған жұмыстың қорытындылары және ағымдағы жылы іске асырылған жобалар туралы айтып берді. Өз кезегінде Кеңес мүшелері дағдарыс орталығын, жаңа қоқыс полигонын салу, Орталық саябақты абаттандыру, Знаменск тас жолындағы зират аумағын қоршау сынды бірқатар ұсыныстар жасады.
Әкім барлық ұсыныстарды тыңдап, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
“Қоғамдық кеңестің мүшесі болу – бұл жай ғана артықшылық емес, сонымен қатар халық пен билік арасындағы байланыс ретінде жұмысты орындау үлкен жауапкершілік. Мен үшін Қоғамдық кеңестің пікірі өте маңызды. Әкімдік депутаттармен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп жұмыс істейтін болады және біз қалалық мәселелерді жеткілікті деңгейде шеше алатынымызға сенімдіміз”, – деді Н.Нұрсағатов.
Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері де қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала әкімінің келесі кездесуі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Semeynews.kz