ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО

Риддер азаматы қарызын төлеуден құтылу мақсатында өзін қарақшылық шабуылдың құрбаны ретінде көрсеткен

Шығысқазақстандық полицейлер жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы жергілікті тұрғын Риддер қалалық полиция бөліміне оған қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, түнде бетперде киген үш белгісіз адам оның үйіне кіріп, өздерінің күштерінің басымдылығын пайдаланып, оған қатысты зорлық-зомбылық көрсетіп, 3 820 000 теңге көлемінде ақшасын алып кеткен.

Аталған өтініш негізінде тәртіп сақшылары осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Алайда, арызданушымен әңгімелесу барысында оқиға басқаша өрбіді. Ер адам полицейлерге оған қатысты ешқандай қылмыс жасалмағанын, мұның бәрін ол өзінің танысына 950 000 теңге қарызды қайтарғысы келмегендіктен ойлап тапқанын мойындады.

Енді ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес “жалған жәбірленушіге” үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button