Семейде ана мен бала өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штабтың бірінші отырысы өтті
Ана мен бала өлімінің индикаторлары ҚР-ның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен облыстық штабтың ана мен бала өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі бірінші отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Штаб отырысынан кейін облыс әкімі сала мамандарымен бірлесіп Семей қаласындағы Балаларды оңалту, ерте араласу, медициналық-генетикалық кеңес беру орталығының және облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.
0-3 жас аралығындағы балаларды оңалту орталығы мен ерте араласу орталығы Семей қаласында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары мен Курчатов қаласының 3-18 жас аралығындағы және 0-3 жас аралығындағы (ЦРВ) балаларына медициналық көмек көрсетеді . Мұнда барлығы 86 қызметкер жұмыс істейді. Баланы тексеру үшін күніне 100-ге жуық өтініш келеді.
Ал облыстық перинаталдық орталық жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған көмек көрсетеді.
Мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін 220 және 80 стационарды алмастыратын төсек жабдықталған.
Аталған мекемелердің жұмысымен толық танысқаннан кейін облыс әкімі сала басшыларына кадрларды қайта даярлау, дәрігерлерді даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдірумен белсенді айналысуды, шалғай аудандардағы жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету логистикасын пысықтауды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың тамыз айында Абай облысында 2023-2025 жылдарға арналған Ана мен бала өлімін азайту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Semeynews.kz