Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Семей қаласының әкімі Восход және Водный кенттеріндегі жол қауіпсіздігін тексерді

Өткен аптада Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Шығыс, Водный және Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесуі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты көптеген шағымдар айтылды. Бүгін қала әкімі осы шет аудандардағы жол қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тұрғындардың өтініштері мен тексерулерінің негізінде ол полиция басқармасымен бірлесіп Водный кентіндегі “Протока” аялдамасының жанындағы жол учаскесінде жылдамдықты 40 км/сағ шектейтін және жаяу жүргіншілер өткелдері көрсетілген жол белгілерін орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.

Бұдан басқа, Водный 14 ауданында  жаңбыр және еріген қар суларының кедергісіз ағып өтуі үшін арық желілерін тазарту тапсырылды. Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов жаяу жүргіншілер өткелін жабдықтауға және учаскеге ағымдағы жөндеу жүргізуге тапсырма берді.

Қала әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстауға уәде берді, тұрғындардың барлық шағымдары жұмыста ескерілетін болады,

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button