Шығармашылық фестиваль қалалық мәдениет сарайында өтті, оған мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шара мүгедектер күніне және балалар жылына орайластырылған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
- “Екі жұлдыз” фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Алдымен ол тек жергілікті болды, оған тек арнайы-әлеуемттік қызмет көрсету орталықтарының тәрбиеленушілері қатысты. Кейін фестивальға аудандық балалар қатысатын болды, ал 2018 жылдан бастап фестиваль облыстық деңгейде өтуде. Биылғы жылы фестиваль балалар жылымен орайластырылып, екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңге үш жас санаты бойынша 30 қатысушы қатысты: 6 жастан 12 жасқа дейін; 12 жастан 18 жасқа дейін; 18 және одан жоғары. Олардың ішінен үздік 12 қатысушы іріктеліп алынды, олар бүгін ауқымды гала-концертке қатысып, оларға дипломдар табысталады”, – дейді Семей қаласының арнайы әлеуметтік көмек орталығының директоры Рымжан Тынысова.
Қалалық мәдениет сарайы сахнасында балалар кәсіби әртістермен және вокал бойынша оқытушылармен өнер көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері бар. Олардың айтуынша, фестивальге дайындық өте қиын.
- Бұл фестивальдің ерекшелігі – оған кәсіби әртістермен бірге мүгедектігі бар адамдар қатысады. Фестивальге дайындалу әрдайым қиын, өйткені мүгедек балаларға әннің мәтінін жаттап, есте сақтау кейде өте қиынға түседі. Біздің тәлімгерлеріміз балалармен жұмыс жасағандықтан, олар баланың қандай ерекшеліктері бар екенін, оның қандай дарыны бар екенін көреді, – дейді Рымжан Тынысова.
- Биыл Семей қаласының арнайы әлеуметтік көмек орталығына келгеніме 15 жыл болды. “Екі жұлдыз” байқауына бірнеше рет қатыстым, бірінші және екінші орын иегері атандым. Бүгін мен фестивальде би нөмірімен өнер көрсетемін, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – дейді гала-концертке қатысушылардың бірі Күміс Молдабаева.
Фестивальге Абай облысының сегіз ауданының конкурсанттары қатысты. Гран-при Семей мен Аягөзден келген қатысушыларға бұйырды, бірінші орынды Жарма, Көкпекті және Бесқарағай аудандарынан келген балалар иеленді, қалған аудандар екінші және үшінші орындарға ие болды.
Semeynews.kz