Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП
“Елімай” Бірінші лигада ойнайтын болды

Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясы Атқару Комитетінің жаңа құрамының бірінші отырысында қабылданды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының үндеуі бойынша «Елімай» футбол клубы 2023 жылғы Бірінші лига клубтары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау кезеңіне өткізуге рұқсат етілсін”, – делінген отырыс хаттамасында
Бір ай бұрын Семей футбол жұртшылығы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловқа “Елімайды” 2023 жылғы маусымның Бірінші лигасына қатысуға жіберу туралы өтінішпен жүгінген болатын.
Semeynews.kz