Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында жұмыссыздар саны азайып келеді

Абай облысында жұмыссыздар саны азайып келеді, -деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2022 жылдың ІІ тоқсанында облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының саны 329,2 мың адамды құрады. Оның ішінде 313,1 мың адам жұмыспен қамтылған. 16 мыңға жуық адам жұмыссыз. 115 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Осыған байланысты облыста халықты жұмыспен қамту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы белсенді түрде іске асырылуда.

Бүгінгі таңда ұлттық жоба аясында 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button