Республика күніне арналған жарыс “№32 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аумақтық комитетінің қолдауымен өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Тарысты бәсекеге Абай облысының 23 мектебінің командалары, соның ішінде Абай, Бесқарағай және Жарма аудандарының командалары қатысты. Турнир қорытындысы:
Ерлер арасында:
І орын – №32 ЖОББМ КММ;
ІІ орын – Абай ауданы-1;
ІІІ орын – Абай ауданы-2.
Әйелдер арасында:
І орын – № 21 ЖОББМ КММ;
ІІ орын – №17 ЖОББМ КММ;
ІІІ орын – №32 ЖОББМ КММ.
Номинациялар бойынша үздік деп танылған ойыншыларға грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Бұл дәстүрлі турнир 26 рет өтті. Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарыс қорытындысы бойынша облыс педагогтарының волейболдан құрама командасы құрылды, ол қараша айының басында Тараз қаласында өтетін мұғалімдер арасындағы республикалық спартакиадаға қатысады.
Semeynews.kz