Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП

Семейде полицейлерді әбігерге салған көлік ұрысы ШҚО аумағында ұсталды

Полиция қызметкерлерінен қашқан көлік ұрысы қаладан 200 шақырым қашықтықта ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 қазанда жедел басқару орталығының 102 арнасына облыс орталығының тұрғынынан оның көлік құралын ұрлау фактісі бойынша хабарлама келіп түсті.

Осы факт бойынша, қолда бар алгоритмге сәйкес, “Ұстау” арнайы жоспары дереу қолданысқа енгізілді.

“ЖБО қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында және “Сергек” сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көлік құралы Семей қаласынан шығып кетуге бағыт алғаны анықталды. Гранитный кенті ауданында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Өскемен қаласына қарай жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан осы көлікті байқады.
Ұйымдастырылған қуғын-сүргіннен кейін аталған көлік қаладан 200 км қашықтықта орналасқан трассада тоқтатылды.

Көлік ұырысы ұсталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде”, – делінген ведомство ақпаратында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button