Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Семейде қоғамдық көлік мәселеcі талқыланды

Кеңеске бүгінде өңірлердегі тасымалдаушылардың 15 қауымдастығын біріктіретін “Қазақстан автокөлік одағының” өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейдегі қоғамдық көліктің басты проблемаларының бірі – кәсіпорындардағы автобустардың 50% – дан азы желіде жұмыс істеуі. Мұның басты себебі – жүргізушілер мен кондукторлардың жетіспеушілігі. Кездесуде барлық жерде электронды билеттендіруді енгізу арқылы мәселенің шешімі табылатыны айтылып өтті. 1 қарашадан бастап электрондық билеттендіру “АвтоТрансСемей” ЖШС-нің алты бағытында енгізілетіні айтылды.

Қазақстан автокөлік Одағының басшылығы толық әдістемелік және үйлестіру көмегін көрсете отырып, мәселені шешуге жәрдемдесуге уәде берді. Естеріңізге сала кетейік, автопарктер үшін қалалық маршруттарда жұмыс істеу үшін қосымша 30 автобус сатып алу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button