Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде бағаны тұрақтандыру бойынша меморандумдар жасалуда

Қала әкімінің бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі сауда кәсіпорындарының басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру және оларға сауда үстемесін жыл соңына дейін 10% деңгейінде бекіту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу бойынша жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Меморандумдар жасау бойынша жұмыс ірі сауда желілерімен, супермаркеттермен, сауда үйлерімен және базарлармен, дүкендермен жүргізіледі.

Бөлшек ішкі сауда субъектілерімен бір мезгілде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу туралы, кіру топтарын, сауда кәсіпорындарының қасбеттік бөлігін және іргелес аумағын абаттандыруды жүргізу туралы ұсынымдық жұмыс жүргізіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button