Абай облысы Республика күнін мерекелеуде

Семейде Республика күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздары – Ерке Есмаханның қатысуымен “Алашұлы” тобының концерт өтті. Облыс орталығының тұрғындары мен Семей қонақтары орталық алаңға жиналды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оларды Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құттықтады. Ол Қазақстанның жаңа тарихындағы бүгінгі күннің маңыздылығын атап өтті.
– Бұл күн бізге тәуелсіздікке жол ашты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ол қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болды!
Бүгін, таңертеңнен бастап, бүкіл Қазақстан және онымен бірге біздің жаңадан құрылған Абай облысымыз да бұл мерекені үлкен қуанышпен және біртұтас отбасымен атап өтуде.
Облыс орталығында, қалалар мен ауылдарда халықтық мерекелер өтуде. Барлық алаңдарда мерекелік музыка ойналып, шығармашылық және көркем өнерпаздар топтары өнер көрсетуде.
Сіздердің әрқайсыларыңыз уақыт тауып, жалпыұлттық мерекеге қатысқандарыңыз үшін баршаңызға ризамын!
Бүгін отандастарымызды құттықтай отырып, ел Президенті “Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бізде бір Отан, бір мемлекет, бір халық бар!” деп атап өтті.
Біздің әрқайсымыз бұл сөздерді терең түсінуіміз керек деп санаймын!..
Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын, қымбатты достар!
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт бейбітшілік пен амандық тілеймін!
Біздің Қазақстанымыз және онымен бірге біздің сүйікті Абай облысымыз өркендей берсін!
Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі.
Еске салып өтейік, Семейде мереке “Спартак” стадионындағы спорттық іс-шаралардан басталды. Облыс орталығында және аудандарда Республика күніне орайластырылған автошерулер өтті. Күні бойы Семей қаласының мұражайлары мен кітапханаларында ашық есік күні өтуде. Алаңда, арбатта және Ертіс жағалауында мерекелік концерттер, Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің парады және тақырыптық көрмелер өтуде. Республика күні орталық алаңда сағат 22:00-де мерекелік отшашумен аяқталады.
Курчатовта Жастар саябағында ” Тәуелсіз елім-Қазақстан!» мерекелік концерт өтуде.
Ақсуат ауданында жас суретшілердің көрмесі ашылды, жастар және арт-фестивальдар, үздік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен “Қыран елім – Қазақстан” мерекелік концерті өтуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылық жәрмеңкесі мен ауыл кәсіпкерлерін тарта отырып, қайырымдылық акциясы өтуде.
Аягөз қаласында Битан тау аллеясының салтанатты ашылуы өтіп, мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Мемлекеттік рәміз 54 метр биіктікте желбіреді.
Бородулиха ауданында мерекелік концерт, автошеру және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жарма ауданында мерекелік концерт және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Көкпекті ауданында “Таза табиғат” экологиялық акциясы және ” Өнеріміз саған, Қазақстан!» мерекелік концерті өтті. Сондай-ақ, футзалдан және көкпар ұлттық ойынынан аймақтық турнирлер басталды.
Үржар ауданында мерекелік концерт және ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. “Дарабоз” спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті, онда” Түйе балуан ” және “Өгіз палуан” атағына аудандық турнир өтті.
Semeynews.kz