Семейде Республика күні автошеру өтті
Бастамашы қала жастары болды. Автошеруге 40 ақ автокөлікпен 80 ерікті қатысты. Мерекелік автошерудің басты атрибуты Қазақстанның туы болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Авто колонна ABAI халықаралық әуежайынан Селевин-Бозтаев көшелері – аспалы көпір арқылы, одан әрі Гагарин және Шугаев көшелерімен бағыт алды. Маршруттың соңғы нүктесі “Арена” спорттық кешені болды.
– Бүгін Абай облысында Республика күніне орай автошеру өтті. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардағы патриоттық сезімдерді ояту және мереке сезімін беру, – дейді автошеруге қатысушылардың бірі Темірлан Бақтияров.
– Бүгін барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Патриотизм мен бірлік сезімін оятатын осындай іс – шаралар көп болғанын қалаймын, – деп толықтырды автошерудің тағы бір қатысушысы Нұрбол Сүлейменов.
Semeynews.kz