
Спорт нысаны “Дарабоз”деп аталды. Ашылу салтанатынан кейін үлкен залда Республика күніне және Қарақерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған күрестен облыстық ашық турнир өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараға Үржар балуандары ғана емес, республикамыздың түрлі қалаларынан да қатысты.
“Дарабоз” спорт кешенінде ауыл жастары сүйікті спорт түрлерімен айналысып, болашақ чемпиондарды тәрбиелей алады.
Semeynews.kz