Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Республика күні қарсаңында 64 отбасы баспаналы болды

Республика күні қарсаңында Абай облысының орталығында 64 отбасыға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика күні қарсаңында Семей қаласында 64 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Тұрғын үй «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтап, алдағы уақытта үй құрылысының қарқыны өсетіні туралы айтып өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен өңіріміз даму жолына түсіп келеді. Кешенді жоспар қабылданып, тың жобалар іске асырылатын болады. Тұрғын үй құрылысының қарқынын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл қалада қаржыландырудың барлық көздері есебінен 5 166 пәтер салынбақ. Осылайша, кезең-кезеңімен баспана санын ұлғайтамыз», – деді ол.

Айтуынша, Семейдің оң жағалау бөлігіндегі «Қарағайлы» шағын ауданын дамыту жобасы әзірленген. Алдағы уақытта мұнда 227 тұрғын үй салынып, 35 мыңнан аса адам тұрады.

Қазірде аудан су құбыры, канализация, телекоммуникация, жылу және электр энергиясының магистральдық желілерімен қамтамасыз етілген.

Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5 600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 253,4 мың шаршы метр болатын 41 үй пайдалануға берілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button