
Абай облысы Үржар ауданында Республика күні қарсаңында жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Ұлттық мерекеміз — Республика күні қарсаңында Үржар ауданының Таскескен ауылында жаңадан салынған 12 пәтерлі 6 үй пайдалануға берілді.
Уақыт талабына сай салынған тұрғын үйлер салтанатты жағдайда табысталды. Шараға аудан әкімі Н.Тоқсеитов қатысып, ауыл тұрғындарын, жаңа баспананың иелерін ұлттық мерекемен құттықтады.
Semeynews.kz