Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде Озерки ауылдық округінде орман өртенді

Озерки ауылдық округінде орман өрті орын алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 20:00-де “Семей Орманы” кезекші диспетчерінен “101” пультіне Озерки ауылдық округінде құрғақ шөп, бұталар жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға оранына келген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ақпаратты растады. Ертіс орманшылығының ашық аумағында 30 гектар құрғақ шөп жанып жатты.

ТЖД, полиция және ЖАО күштерімен Каштак орманшылығынан Каштак ауылына 23 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Өрт 23 қазанда сағат 05:20-да оқшауланды. Абай облысы ТЖД-дан орман өртін сөндіруге 32 қызметкер мен 8 бірлік техника, “Семей Орманы” резерватынан 40 адам және 15 техника, Семей қаласы мен Озерки ауылдық округінен 13 адам және 5 техника, сондай-ақ, 1 полиция қызметкері және 1 автокөлік жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің ауданы 35 Га құрады, оның ішінде шамамен 5 га орман жабылған алаң (жапырақты орман).

Дала өртін жою үшін Каштак, Талица, Ертіс орманшылығынан 17 адам және 4 бірліктегі техника  жұмыс істеуде.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button