ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесті

Олар жергілікті балаларға арналған балабақшаның, спорттық және балалар алаңдарының жоқтығына шағымданады, деп хабарлайды Semey News

 

– Бізде бірде-бір балабақша мен спорт алаңы жоқ. Балалар футболды кез-келген жерде ойнайды. Әкім көп балалы әке екен, ендеше біздің кентіміздің балаларына да көңіл бөледі деп үміттенеміз. Мектептеріміз балаларға лық толы болса, ал балабақша мен ауыз су мүлде жоқ,- дейді Восход кентінің тұрғыны Қанат Жұмағұлов.

Тұрғындар наразылығын тыңдаған әкім қазіргі уақытта Восход кентінде спорт алаңының құрылысына конкурс жарияланғанын, сондай-ақ осы жылы Водный кентінде де  балалар алаңын орнату мүмкіндігі қарастырылғанын хабарлады.

– Бұл мәселелерді біз ерекше бақылауға аламыз. Облыс әкімінің тиісті тапсырмасы бар. Біздің балалар қалыпты жағдайда ойнап, спортпен шұғылдануы керек, – деді әкім.

Қала басшысы сондай-ақ көше жарығын орнату бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабарлады. Өткен жылы мұнда алты көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы Рудная, Алмазная, Южная, Геологическая, Малая заливная, Геодезиялық, Водный көшелері бойынша көше жарығының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

– Жалпы ұзындығы 6 км болады. 5 айда ЖСҚ дайындаймыз. Егер осы жылы қаражат көзі табылса, биыл бастаймыз, ал егер жоқ болса, келесі жылға жоспарланып,жасалады. Сонымен қатар, Южная, Садовая және 16 Водная көшелері бойынша электр бағаналарын күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындаудамыз. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Семей қаласын энергетикалық дамыту бағдарламасын 5 жылға дайындап жатырмыз. Өйткені бізге жарықтандыру нүктелері мен энергетикалық ресурстардың қуатын кемінде бір жарым есеге ұлғайту қажет. Жұмыс тобы құрылды. Басшылықты өз қолыма алдым. Мәселені кешенді түрде шешетін боламыз, – деп сендірді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Осы айдарда

Back to top button