Восход және Водный кенттері орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восход, Водный, ШЫғыс кенттерінің тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
– Бүгінгі күні Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерінің құрылысын жүргізетін мердігер анықталды. Жұмысты көктемде ауа райы қолайлы болған соң бастауды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі.
Бұдан басқа, аталған кенттерді көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жоспарланған. 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға Шығыс кентіндегі 18 көшені, Водный кентіндегі 19 көшені, Восход кентіндегі 9 көшені жарықтандыру енгізілген.
Сондай-ақ, Водный және Восход ауылында орнатылған ойын алаңдарының сапасы қатаң бақыланатын болады.
– Водный және Восход кенттерінде орнатылған балалар ойын алаңдарын салу сапасы туралы ескертулер бар. Мәселе заң аясында шешіліп, орындаушылардан барлық кемшіліктерді жоюды талап етеміз”, – деді Нұрбол Нұрсағатов.
Semeynews.kz