Семей машина жасау зауытында тексеру басталады

25 қазаннан бастап кредиторлар комитетінің шешімі бойынша Семей машина жасау зауытында аудиторлық тексеру басталады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде айтылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
19 қазанда Telegram-арналарда “Семей машина жасау зауыты” АҚ директорының кабинетінің бейнежазбасы пайда болды. Оны “Қазақстан инжиниринг “Ұлттық компаниясы” АҚ басшысы Т. К. Әбдірахманов жасады.
“Қазақстан инжиниринг” Ұлттық компаниясының ақпараты бойынша, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды. Кредиторлық берешектің өсуі 3 млрд теңгеден асты.
Осы жылдың ақпан айынан бастап сот зауытқа 5 жыл мерзімге оңалту рәсімін қолданды.
” Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ”, – делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты құқық бұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметінің тергеуіне жататынын еске салды.
Semeynews.kz