Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде «Республика күні – ақындар үні» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтті

Әлихан Бөкейхан Университеті және Қазақстан Жазушылар Одағының Абай облыстық филиалы Республика күнінің құрметіне әрі жас ақындарды қолдау, олардың шығармашылығын халыққа таныстыруды көздейтін «Республика күні – ақындар үні» атты облыстық жыр мүшәйрасын өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мүшәйраға облысымыздың әр өңірінен келген 16-25 жас аралығындағы ақындар қатысты.

Іс-шара барысында авторлар өздерінің тақырыптық туындылары мен еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды.

Мүшәйраға қатысушылардың өнерін білікті әділ қазылар алқасы бағалады.

Ақтық сыннан сүрінбей өтіп, қазылардың жоғары бағасына ие болған жас ақындар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар иеленді.

Мүшәйра қорытындысы бойынша:

Бас жүлде және 100 000 теңге көлеміндегі сыйлықты семейлік Қуаныш Еркінұлы (Шәкәрім университетінің студенті) иеленді;

1 орын және 75 000 теңге көлеміндегі сыйлық Бағжан Кәріпбаеваға бұйырды (Шәкәрім Университетінің студенті);

2 орын және 50 000 теңгеден сыйлықты Жақсылық Асқарбек (Тарбағатай ауданының өрені) және Бекарыс Секенов (С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университеті студенті) иеленді;

3 орын және 25 000 теңге көлемінегі сыйлық Думан Қайроллаевқа (Әлихан Бөкейхан Университетінің түлегі), Мәди Ахметкәрімге (Әлихан Бөкейхан Университетінің студенті) және Азамат Серікұлына (Шәкәрім Университетінің студенті) бұйырды.

Мүшәйраға қатысқан ақындардың шығармалары алдағы уақытта «Әлихан Бөкейхан Университетінің кітапханасы» сериясымен шығатын арнайы мүшәйра жырларының жинағына енеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button