Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жол көлік оқиғасында жеті жасар қыз мерт болды

Семейде Шығыс кентінде 22 жастағы жүргізуші жеті жасар қызды қағып кетті, кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық полиция департаментінде ағымдағы жылдың 18 қазанында сағат 18:33-те “LADA” маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Шығыс кентінде Өскемен көшесімен келе жатып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, 2015 жылы дүниеге келген қыз баланы қағып кетті, кәмелетке толмаған алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button