Полицейлер Өскемен тұрғынының қалтасынан есірткі тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының тұрғыны синтетикасы бар 23 ораманы қалтасына салып жүрген.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ ЖСН қатысуымен Самар тас жолы маңындағы теміржол өткелінің жанында “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 28 жастағы өскемендікті ұстаған.
Полиция қызметкерлері ұсталған азаматты жеке тінту барысында қалтасынан ұнтақ пен түйіршік түріндегі изолентамен оралған 23 ораманы тауып алып, тәркілеген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 1,52 грамм альфа-pvp және жалпы салмағы 19,02 грамм мефедрон болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.
Semeynews.kz