Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында бір отбасы ыстан уланып ауруханаға жеткізілді

Бородулиха ауданында бүтін ана бес баласымен бірге көміртегі иісіне уланып аудандық аурухаға жеткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қазанында сағат 23:40-та Бородулиха ауданының орталық ауруханасына көміртегі тотығымен орташа дәрежелі улануы диагнозымен бүтін бір отбасы түсті деген ақпарат келді.

5 баланың және аналарының жағдайы тұрақты болып, олар дәрігерлердің бақылауында болды. Таңертең үйлеріне жіберілді.

Көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button