
Қазіргі уақытта аталған кентте кірме жол жөнделуде. Жақында жол сегменті грейдерленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Нұрлан Уранхаев Жарқын кентінің тұрғындарымен кездесті. Бүгін аралық кездесу барысында әкім жергілікті жерде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. 7 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарлануда.
“Мердігер жұмысты қараша айында – суық ауа райы басталғанға дейін аяқтауға міндеттенеді. Техника жұмыс істейді. Баяуламау маңызды. Біз қала маңын байланыстыруымыз керек. Кентпен автобус қатынасын да жолға қою керек”, – деді өңір басшысы.
Semeynews.kz