Абай облысыҚоғамСемейТОП
Жыл соңына дейін Семей автопарктері 30 жаңа автобуспен толықтырылады

Қалалық автопарктер ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 30 автобус сатып алып, қоғамдық көлік санын көбейтуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалдаушылар келесі жылдың басында да осынша көлік сатып алуға ниетті. Бұл шара маршруттық автобустардың қозғалыс жиілігін арттыруға және Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселелерін ішінара шешуге мүмкіндік береді.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Daewoo Bus Kazakhstan автобустарын шығаратын зауытқа барып, қалалық автопаркті толықтыру мәселесі талқылады.
Semeynews.kz