Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында жылыту маусымы штаттық режимде жүруде

Өңірде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 44 жылу көзі жұмыс істейді. Жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Барлық денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау нысандары жылытуға қосылған.

Жылу желілерінде орын алған технологиялық бұзушылықтарға байланысты Семей қаласында көппәтерлі екі тұрғын үй қосылмаған күйінде қалып отыр (Би Боранбай көшесі, 45 Б және Ильяшев көшесі, 127). Курчатов қаласының бір үйінде басқару органының үйді сапасыз дайындау себебінен ішкі жүйелерді баптау жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін үйлер жылуға қосылады.

Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында он көппәтерлі тұрғын үй 15 қазанда жылумен жабдықтауға қосылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button