Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Абай облысының әкімі облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің жағдайымен танысты

Өткен сенбіде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі емдеу мекемелерінің жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс жұмысын 1939 жылы салынған балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барумен бастады.

Тәулік бойы мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсету пункті 140 төсекке есептелген.

Өңір басшысы балалар мен олардың ата-аналарының осы медициналық мекемеде болу жағдайларын жақсартуға тапсырма берді.

Әрі қарай облыс әкімі облыстық фтизиопульмонология орталығында болды. Орталық 340 төсекке арналған. Клиника 1984 жылы салынған. Медициналық техникамен жарақтандыру 90% құрайды.

Облыс әкімі Нұрлан Уранхаев балалар фтизиопульмонологиялық бөлімшесімен танысып, оны толық жарақтандыру, сондай-ақ бөлімшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button