Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде қамыс өртенді
Семейде Дальняя ауданында қамыс өртенді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 16 қазанда сағат 18:12-да “112” кезекшісінің пультіне Пржевальский көшесінде қамыс жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Қызыл жалынды сөндіруге Абай облысы ТЖД-нің жеке құрамынан 67 адам және 12 бірліктегі техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, өртті сөндіруге ЖАО-дан 4 техника мен 4 адам, полиция департаментінен 5 автокөлік және 8 адам тартылды.
Өрттің жеке секторға таралу қаупі болды. Жедел әрекеттің арқасында өрт 19:57-де оқшауланды, ал 20:22-де толығымен жойылды. Өрттің жалпы ауданы – 3 Га.
Semeynews.kz