Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде сенбілікке 10 000-нан астам адам қатысты

Бүгін, 15 қазанда Семей қаласында “Таза табиғат” акциясы және күзгі экологиялық айлығы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оған 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 10 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері, жеке сектордың үй иелері шықты.
Сондай-ақ, сенбілікке “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері қатысып, Знаменка тас жолының бойындағы іргелес аумақты қоқыстан тазартты.
Санитарлық тазалауды және қоқысты жинауды қамтамасыз етуге арнайы техника, оның ішінде 20 тиегіш пен 65 самосвал көлігі жұмылдырылды.

Айта кетейік, “Бірге таза Қазақстан” экологиялық айлығы аясында қалада 2 700 көшет, мысалы, қарағаш, шәңгіш, жөке, шетен және тал отырғызылды. Жақын арада тағы 1000-ға жуық ағаш отырғызылады.

Сонымен қатар, кәсіпорындар қаланың шетіндегі полигондарды жою бойынша жұмыстар жүргізуде – Знаменка тас жолы, Энергетик шағын ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, құс фабрикасы, ескі әуежай аумағы.

Сағат 11:00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 80 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.

Семей қаласы әкімінің аппараты бүгінгі сенбілікке қатысқан қаламыздың барлық қамқор тұрғындарына өз алғысын білдіреді. Тазалық өзімізден басталады!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button