Семейдің машзауытындағы жағдай реттелді

Облыс әкімі Абай Нұрлан Уранхаевтың араласуынан кейін Семей қаласындағы машина жасау зауытындағы жағдай реттелді, деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы жұмыс тобының өңір басшысымен қайта кездесуі барысында белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда машина жасау зауытының қызметкерлері “Казинженеринг” басшылығына жүгінді. Жұмысшылардың айтуынша, төртінші айда олар заңды жалақы ала алмай жүр. Төлемнің кешігуі бірінші рет болып тұрған жоқ.
“Бұл жағдай екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Сақтандыру да, зейнетақы төлемдері де төленбейді. Біз несие ала алмаймыз. Ағымдағы несиелерді өтеу мүмкін емес. Балалардың мектепке киер киімдері жоқ. Алдыда қыс мерзімі, бізде көмір мен отын да жоқ, оларды сатып алатын қаражатта жоқ. Жұмысқа жете алмаймыз. Жолға ақша жоқ. Медициналық көмекті алу мүмкін емес, себебі медициналық сақтандыру да жоқ, аударымдар да жоқ”, – деді зауыт қызметкерлері.
Олар әлеуметтік желілерде бейне хабарлама жариялап, проблемаларын шешуге көмек сұрады.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, кәсіпорын оңалту рәсімінен өтіп жатыр, осыған байланысты қызметкерлерге жалақы төлеуде проблемалар туындады. Ағымдағы жылдың жазында сот кәсіпорынның оңалту жоспарын бекітілген болатын.
Semeynews.kz