Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей тұрғындары жасөспірімді қоғамнан оқшаулауды сұрайды

Тұрғындардың айтуларынша, жасөспірім жануарлардың буындарын сындырады, төртінші қабаттан тастайды, тіпті зорлайды және оларды өлтіріп тастайды, – деп хабарлайды Semeynews.kz osa_news_vko паблигіне сілтеме жасап.

11 қазанда “4 лапы+” қорының еріктілері және 30-ға жуық куәгерлер полицейлермен бірге жағдайды түсіну үшін қала орталығындағы жасөспірімнің үйіне жиналды.

Қала тұрғындары енді жануарлар үшін ғана емес, басқа жағдайларға да қорқуда. Олардың айтуынша, жасөспірім балаларды үрейде ұстайды. Куәгерлердің айтуынша, ол тас лақтырып, пышақпен, қайшымен жүгіріп, қарттарға қолын көтереді.

Жасөспірім ақыл-ой кемістігінің жеңіл сатысы бар психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды, деп жазады Arnapress.kz.

Полиция қатыгез бала туралы бұрыннан біледі. Аға учаскелік полиция қызметкерінің кеңесі бойынша тұрғындар баланы емделуге жіберуді сұрап ұжымдық өтініш жазды.

Жағдай көпшілікке жария етілгеннен кейін, баланы анасы психиатриялық диспансерге жіберге. Содан кейін жасөспірім интернатқа жіберіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button