Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Республика күніне орай Абай облысында 200-ге жуық іс-шара өтеді

Абай облысында Республика күніне орай 200 іс шара өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тиісті заңға қол қойылды. Енді Республика күні Ұлттық мерекелер тізіміне енгізілді.

Абай облысында Республика күнін мерекелеуге дайындық қарқынды жүріп жатыр.

  • Салтанатты және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мереке күні облыстың орталық алаңдарында, саябақтары мен скверлерінде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер, көрмелер, мерекелік концерттер ұйымдастырылады, – деді облыстың қоғамдық даму басқармасының басшысы Абай Айдар Садырбаев.

Сондай-ақ бірқатар нысандарды ашу және жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін тапсыру жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button