Абай облысының әкімі Жарқын кентінің тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Тұрғындар аймақ басшысына ауылдағы жолдың әлі аяқталмағанын айтты. Бүгінгі таңда Жарқын ауылына кіре беріс жолды жасау құрылысының тоқтатылғаны белгілі.
Мердігер мекеме шарттың орындалуын қаржылай қамтамасыз етпегендіктен шарт бұзылу алдында.
Қазіргі уақытта аталған учаскеде тек жол грейдерленген.
Мердігер ұйым жолды жөндеу жұмыстарын қараша айының ортасына дейін аяқтауға уәде етті. Мердігер қараша айының ортасына дейін жолды жөндеуді аяқтауға міндеттеме алды.
Диалог нәтижесінде алдағы дүйсенбіде объектіде аралық кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Semeynews.kz