Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП
Абай облысында “Нелегал-2022” ЖПІШ жүргізілуде
Абай облысының аумағында 2022 жылғы 10 – 17 қазан аралығында “Нелегал-2022” республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның алғашқы екі күнінде Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін (517-бабы) 99 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін (519-бабы) Қазақстанның 4 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды және болу қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 105 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Semeynews.kz