Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысы аумағында жыл басынан бері 186 ЖКО тіркелген

Абай облысының аумағында Жыл басынан бері 186 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде 12 апат иесіз жайылып жүрген малдармен соқтығысу нәтижесінде болған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 61 адам қаза тапты, оның 9-ы кәмелетке толмағандар. 247 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды, оның ішінде 41-і кәмелет жасмына толмағандар.

Облыстың полиция қызметкерлері жолдарда бақылаусыз жайылып жүрген малдардың 2000-нан астам фактісін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1888 мал иесі тартылды.

Сонымен қатар жолда иесіз жайылған мал адам өліміне әкеп соғады.

Осындай қайғылы оқиға 2022 жылғы 7 қазанда орын алды.  Республикалық маңызы бар “Таскескен – Бақты” тасжолында автокөлік құралын басқарған 29 жастағы жүргізуші жылқы малын қағып кетуге жол берген, жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Абай облысының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button