Семей әкімі қала маңындағы кенттерге барды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс, Водный және Восход кенттеріне жұмыс сапарымен барып, су құбыры желілері мен балалар алаңдары құрылысының барысымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шығыс кентінде бүгінгі күні мектепті сумен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ желілермен қамтамасыз етілді және ағымдағы жылы Қошкінбаев көшесінің (12-Линиядан жаңа мектепке дейін), Дачная көшесінің, Өскемен көшесінің, 17 және 18-Линияның 255 үйі қосылатын болады.
Өз кезегінде, желілерді салу және абаттандыру, атап айтқанда, балалар алаңдары мен футбол алаңдарын салу жұмыстары Водный және Восход кентінде жүргізілуде.
Тексеру қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге құрылыс мерзімдерін бұзғаны үшін және жұмыстардың тиісінше орындалмағаны үшін бірқатар ескертулер жасады.
Кейін Нұрбол Нұрсағатов Кирпичный, Суық бұлақ және Жоламан кенттеріне барып, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайымен танысты.
Кирпичный кентінде әкім орталық жылумен жабдықтауды жүргізу бойынша есептер дайындауды және ұсыныстар енгізуді, стихиялық қоқыстарды шығаруды ұйымдастыруды, балалар ойын алаңдарын салуға қолданылатын материалдардың сапасын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, қала басшысы 9-Кирпичная мекенжайында жолды жөндеу және жарықтандыру орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.
Холодный ключ кентінде Нұрбол Нұрсағатов көппәтерлі тұрғын үйлер үшін жылу энергиясын тұтыну есептерін дайындау, зираттар ауданындағы көпірдің негізін нығайту, аумақты санитарлық тазарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, сондай-ақ ол Жоламан кентіндегі апатты және тозығы жеткен үй құрылыстары бойынша ақпарат беруді тапсырды.
Semeynews.kz