Восход кентінің тұрғындары сусыз қалды: Семей әкімдігі аталған проблемаға түсіндірме берді

Семей әкімдігі Восход кенті Түктібаев көшесінің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша түсініктеме берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұрын хабарланғандай, кент тұрғындары үшін судың жалғыз көзі – кеңес заманында тұрғындар бұрғылап, өздері орнатқан құдық. Бұл құдықтан суды көптеген жылдар бойы тұрғындар қолдмен өздері тартты. Алайда, жер асты суларының деңгейінің төмендеуіне байланысты бұл құдықтан су жоғалып кетті.
“Қазіргі уақытта Восход кентінде орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен 2 ықшам ауданның тұрғындары ғана қамтамасыз етілген. Сумен жабдықтау жоқ Алмазная, Рудная, Түктібаев, Карьерная көшелері тұрғындарының көптеген өтініші бойынша “Семей Водоканал” МКК-нің 2022 жылдың ақпан айында су бағанасын орнатты.
Бұл су бағанасы суды пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін, Восход кентінің негізгі жолының бойында ең жақын қашықтықта орнатылды. Су жинайтын баған тәулік бойы жұмыс істейді, бағанның техникалық жай – күйін біздің кәсіпорын үнемі қадағалап отырады”, – деп хабарлады әкімдік.
10 қазанда бағанның жұмысы мен судың сапасына қосымша тексеру жүргізілді. Әкімдіктің ақпараты бойынша, ауытқулар анықталған жоқ, баған жұмыс күйінде.
Қалай болғанда да, тұрғындар әкімдіктің шешімін ақылға қонымды деп санамады, бағанға дейінгі қашықтық соншалықты жақын емес екенін атап өтті.
“Түктібаевтан бағанға дейін 2 шақырым. Ол жерде көпбалалы отбасылар мен әжелер тұрады. Осындай қашықтыққа жүру өте қиын”, – дейді семейліктер.
Жалпы, Восход кентінің сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жергілікті атқарушы органмен ЖСҚ әзірленді.
1. “Смычка-3 су жинағышынан Восход кентіне дейін су құбырын салу”, құны 1189 млн теңге. Жобаның тапсырыс берушісі – “Семей қаласының құрылыс бөлімі”ММ. Жобаны әзірлеуші – “СемСтройПроект” ЖШС. 2022 жылы өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша бас мердігер болып “ОАА-L” ЖШС танылды.
2. “Восход және Водный кенттеріне су құбырын салу”, құны 1580 млн теңге. Жобаның тапсырыс беруішісі – “Семей қаласының құрылыс бөлімі”ММ. Жобаны әзірлеуші – “СемСтройПроект” ЖШС. 2022 жылы өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша бас мердігер болып “ОАА-L” ЖШС танылды.
Жобаларды іске асыру 2023-2024 жылдары көзделген. Осы жобаларды іске асыру кезінде бүкіл Восход кентінің сумен жабдықталу мәселесінің оң шешілуі күтілуде.
Semeynews.kz