Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде көлік өртеніп кетті

Семейде шағын жүк тасымалдайтын көліктің қоғазлтқыш бөлігінде өрт шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 11 қазанында сағат 15:02 шамасында Семей қ.ПБ жедел кезекшісінен Қаржаубайұлы мен Сеченов көшелерінің қиылысында автокөлікте өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

“Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, 2000 жылы шығарылған Nissan Vanette маркалы көліктің қозғалтқыш және ішкі бөлігі өртенген. Өрттің жалпы ауданы – 2 шаршы метр. Тілсіз жау 15:20-да толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

Абай облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ көлікте алғашқы өрт сөндіру құралдарының міндетті түрде болу керектігін еске салады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button