ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да полиция қызметкері серіктесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпараттық агенттіктің мәліметіне сүйенсек, ұстау фактісі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде расталған. “10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы патрульдік полиция инспекторының қайтыс болу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі (“кісі өлтіру”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән — жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”,-деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство сонымен қатар 36 жастағы күдікті – жәбірленушінің серіктесі – уақытша ұстау изоляторына қамалғанын түсіндірді.

“Оқиға орнына облыс прокуроры, полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ жеке қауіпсіздігі департаментінің бастығы, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі барды. Қылмыстық істі тергеу ҚР Ішкі істер министрлігінде ерекше бақылауға алынды”, – деп толықтырды ШҚО ПД.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, полиция қызметкері түнде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оның басы көлік есігі мен көліктің арасында қалып қойған. Қаза болған полицейді серіктесі тапқан. Күдіктінің айтуынша, ол әріптесінің көлікте жоқ екенін бірден байқамаған. Оқиға орнында марқұмның етігі мен сүйретілген іздері табылды.

Оқиға Алматы тас жолында болған.

https://www.instagram.com/reel/CjispuPo1tz/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button