
Өскемендегі банк қызметкері алаяқтық жасап, танысының 11,5 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің ” 102 ” жедел каналына 35 жастағы азамат жүгінген. Ер адамның айтуынша, тұрғын үй сатып аламын деп алаяққа жем болған.
Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың мамыр айында өтініш берушінің танысы оған 50/50 бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға көмек ұсынды. Ойлана келе, ер адам танысына 11 650 000 теңге берді. Уәде етілген көмекті немесе өз ақшасын қайтаруды күтпестен, төрт айдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінді.
Құқықтық тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктіні ұстауды жүзеге асырды. Жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған 37 жастағы банк қызметкері алаяқтық үшін ұсталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оны үш жылдан жеті жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.
Semeynews.kz