Қыс мезгілінде Семей жолдарында 90-нан астам арнайы техника қызмет көрсететін болады

Семейде қысқы кезеңге 90-нан астам арнайы жол-жинау техникасы дайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022-23 жылғы қысқы кезеңге дайындық іс-шаралары шеңберінде бейінді мекемелердің қызметкерлері мамандандырылған жинау техникасына байқау жүргізді.
“Олардың қатарында Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Абай облысының ТЖД, Семей қаласының ОТДИ ПБ, Семей қаласының әкімі, сондай-ақ қала көшелерін күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдар бар. Жол-жинау машиналары мен механизмдерінің сандық-сапалық құрамы, техникалық жай-күйі, сондай-ақ қысқы маусымға арналған инвентарлары болуы белгіленді. Бүгінгі таңда 92 арнайы жол-жинау техникасы дайындалды”, – делінген хабарламада.
Semeynews.kz



