Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы лауазымына Рустем Ворошилов тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рүстем Нұраллиұлы 1988 жылы 11 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін, «Алматы» университетін бітірген.
Еңбек жолын «Халықаралық Алматы әуежайы» Авиа ЖЖМ АҚ қызметінің экспедиторы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер жеке мекемесінің экпесперт маманы ретінде бастаған.
2014-2016 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы
2016-2018 жылдары-Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің мониторингі бөлімінің басшысы.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары болды.
Semeynews.kz